Денсаулық
Қазақстандық спортшы дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанды
- author «Ақ жол»
- 23 қараша, 2016
- 627
Қазақстандық спортшы дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Дзюдо федерациясынан хабарлады. 18-21 қараша күндері АҚШ-та дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлем біріншілігіне 63 елден 999 дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасынан 11 дзюдошы қатысып, ел намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, жарыстың бірінші күнінде 100 келіде бақ сынаған Жарашуев Нұрлан үздіктер қатарынан көрініп, қола медальға ие болды. Әлем чемпионатының екінші күнінде отандасымыз Кинтонов Мұрат барлық қарсыластарын иппонмен жеңіп, 100 келіде Әлем чемпионы атанды. Ал 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан жерлесіміз Кац Александр мен 57 келіде белдескен Тыныбаева Рыскүл үшінші орыннан көрініп, ел қоржынына қос қола медалін салды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 қола медальмен 63 ел ішінде 20-орынмен Әлем чемпионатын сәтті аяқтады.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




