Денсаулық
Мемқызметшілер әлеуметтік желілердегі аккаунттары жөнінде есеп беруге міндеттеледі
- author «Ақ жол»
- 23 қараша, 2016
- 500
Мемқызметшілер әлеуметтік желілердегі аккаунттары жөнінде есеп беруге міндеттеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік шенеуніктер жұмыс берушілерге әлеуметтік желілердегі өздерінің аккаунттары, блогтары мен форумдары жөнінде айтып отурға міндеттелмек. Осындай алғашқы есепті мемлекеттік қызметшілер 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Известия» газетіне сілтеме жасап. «Мемлекеттік азаматтық қызмет лауазымдарына орналасуға үмітті Ресей азаматтарының интернет желісіндегі сайттардың мекен жайлары немесе сайттардың парақшалары туралы мәліметтерді ұсынып отыру міндеттері айқындалуда», - деп келтірді Еңбек министрлігі өкілінің сөздерін басылым. Алынған мәліметтер жұртшылыққа таратылмайтындығы айтылып отыр. Бұл ретте, есеп беруден бас тарту немесе толық ақпарат ұсынбау шенеуніктің қызметімен қош айтысуына себеп болуы мүмкін. Еңбек министрлігінен басылымға мәлім еткендей, мұндай ақпараттарды жинаудағы мақсат - «азаматтық қызметшілердің кәсіби әдеп ережелерін сақтауын қамтамасыз ету». Қазіргі уақытта Еңбек министрлігі тиісті мәліметтерді жинау үшін арнайы үлгіні әзірлеуде. Одан кейін ол үкіметте бекітілетін болады. Мемқызметшілердің әлеуметтік желілер мен блогтардағы белсенділігі туралы міндетті есеп беруді енгізуге 2016 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген «Мемлекеттік азаматтық қызмет туралы» (79-ФЗ) заңның 20.2 бабы негіз болды.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




