Біз жанбасақ лапылдап...

Біз жанбасақ лапылдап...
ашық дереккөз
Біз жанбасақ лапылдап...
Уәлихан Болатбек, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы. Немқұрайлылық – адам бойындағы кері әсерін тигізетін жаман қасиеттің бірі. Жалпы, өскелең ұрпақтың белсенді өмір салтын ұстануы, зиянды әдеттерден аулақ болмағы – өскен ортасына байланысты. Өңірімізде отызға толмаған 277 674 жас бар. Жалпы, облыс тұрғындарының 25,3 пайызын жастар құрайды. Оның – жүз мыңнан астамы қалаларда (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу) ал 169 043-і ауылда тұрады. Осы жастардың басым көпшілігі өзіндік азаматтық көзқарасы қалыптасқан, қоғамға ортақ мәселелерге келгенде белсенді. Белсенділігімен көзге түсіп жүргендердің бірқатары кешегі «жасотандықтар» екенін айта кетуіміз керек. Жалпы, партияның облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының құрамында 10 аудандық, 1 қалалық филиалдары жұмыс жасайды. «Жас Отанның» 14 222 мүшесі бар. 145 бөлімше біріктірілген, ол облыс жастарының 5 пайызын құрайды. Өңірімізде 3 жоғары оқу орны мен 49 техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер бар екені белгілі. Осы 49 колледждің 28-інде «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшелері тұрақты жұмыс істейді. Екі жыл бұрын партияның облыстық филиалының 2014 жылы қараша айында өткен XIV есеп беру-сайлау конференциясында «Жас Отан» жастар қанатына көптеген міндеттер жүктелген болатын. Біз осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жұмыс жоспарын жасап, ауқымды істерді қолға алдық. Нақтырақ айтсақ, есепті мерзімде 5000-нан аса іс-шара өткіздік. Негізі «Нұр Отан» – 9 бірдей ірі жобаны жүзеге асырушы партия. Осы тоғыздың екеуі жастарға арналған. Олар – «Сәтті қадам» және «Жастар – Отанға!» жобалары. «Сәтті қадам» біздің өңірімізде сәтті жүргізілуде. Партиялық жобасының бірінші бағыты бойынша облыс көлемінде 24 мекемемен екі жақты меморандумға қол қойылуы – осы сөзіміздің дәлелі. Соның нәтижесінде 35 жас еңбек тәжірибесінен өтсе, 4 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Екінші бағыт бойынша да 34 мекемемен екі жақты меморандумға қол қойылып, басты назар ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды жұмыспен қамтуға бағытталды. Бүгінге дейін 10 жас тұрақты жұмысқа тұрғызылды. Биыл жобаға тағы бір бағыт қосылып, Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинай алмаған мектеп бітіруші түлектердің кәсіби білім алуы және жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолға алынды. Бүгінгі күні Елбасы саясаты мен аға буынның қажырлы еңбегі және жастардың қоғамдық өмірге кеңінен қатысуының нәтижесінде халықаралық даму индексі бойынша Қазақстан 30 жетекші елдің қатарында (27-орын). 2020 жылға қарай Қазақстанның осы рейтинг бойынша 20 елдің қатарына қосылуы «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асырудың нәтижесіне тікелей байланысты болары анық. Жастардың азаматтық белсенділік индексін арттыру үшін елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға басымдық берілуде. Облыс көлемінде «Жас Отан» жастар қанатының жанында былтырдан бері «Біз біргеміз» еріктілер қозғалысы жұмыс жасап келеді. Аталмыш қозғалыстың белсенді мүшелері 2017 жылы Алматы қаласында өтетін Универсиада мен Елордамыз Астана қаласында өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысатын еріктілерді жасақтауда. 2017 жылы өтетін халықаралық шараларға өңірімізден жалпы саны 100-ге жуық ерікті қатысады деп жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар