Денсаулық
Ресей мен Грузия балуандарының күресі жаппай төбелеске айналды
- author «Ақ жол»
- 21 қараша, 2016
- 705
Ресей мен Грузия балуандарының күресі жаппай төбелеске айналды
Бухарестте Еуропалық ұлттар кубогы үшін жарыста ресейліктер мен грузиндік балуандар арасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
Рингте грек-рим стилімен кұресетін балуандар Имиль Шарафетдинов пен Зураб Датунашвили шықты. Кездесу аяқталар уақытта олар сөзге келіп қалып, жанжал шықты. Осы уақытта екі жақтың басқа да балуандары мен команда бапкерлері де араласа кетті. Төбелесті дер кезінде тоқтату мүмкін болды, ал төбелесті бастаушылар төрешілер шешімімен жарыстан қуылды. Жарыс қорытындысы бойынша Ресей балуандары Еуропалық ұлттар кубогын жеңіп алды. Финалда олар украиналықтардан басым түсіп, 6:2 есебімен жеңді. Ал, Грузия болса небәрі төртінші орынға табан тіреді.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




