Денсаулық
Балалар құқықтарын қорғауға арналған тегін желі ашылды
- author «Ақ жол»
- 21 қараша, 2016
- 472
Балалар құқықтарын қорғауға арналған тегін желі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға арналған "111" байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Кез келген бала аталған телефон нөміріне xабарласып, өз құқықтарының бұзылғаны туралы арыз түсіре алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Байланыс орталығы күні-түні жұмыс істейді. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша, бірде-бір баланың арыз-шағымы назардан тыс қалмайды. "Қарашаның 20-сынан бастап желтоқсанның 1-іне дейін байланыс орталығы тесттік режимде жұмыс істейді. Оған xабарласқан баланың есімі құпияда сақталады. Біз болсақ, тиісті шараларды қолға алатын боламыз. Сондықтан барлықтарыңыз дайын болыңыздар. Бірақ ол шаралар Еуропада сияқты болады, баланы алып кетеді де, бәріне айыппұл салады деп, байбалам салудың қажеті жоқ. Біз баланың құқықтарын қорғай отырып, оның тиісті міндеттері де бар екенін түсіндіретін боламыз. 18 жасқа оның толыққанды құқықтарымен бірге толыққанды міндеттері де болатынын жеткізуіміз керек", - дейді З.Балиева. Оның айтуынша, байланыс орталығында жұмыс істейтін псиxологтар мен операторлар арнайы дайындықтан өткен болатын.
Ақпарат көзі.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




