«Союз МС-03» ғарыш кемесі Байқоңырдан сәтті ұшырылды
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр айлағындағы Гагарин ұшу тұғырынан «Союз МС-03» тасымал ғарыш кемесін ұшыру белгіленген уақытта, 18 қарашада 02 сағат 20 минут 13 секундта жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Халықаралық ғарыш стансасына ұзақмерзімдік 50/51 экспедиция экипажының құрамында ресей ғарышкері Олега Новицкий, №1 бортинженер, Еуропа ғарыш агенттігінің ғарышкері Том Песке және №2 бортинженер, америкалық астронавт Пегги Уитсон бар. Ұшу кезеңіне сәйкес зымыранның үшінші сатысы тасымалдаушы ғарыш кемесінен старттан кейін 529 секунд өткен соң бөлінді. «Союз МС-03» жасанды жер серігінің орбитасына шықты. Ғарыш айлағын қамтамасыз ету және Төтенше жағдайлар жөніндегі Қазақстан комитеттерінің ақпараты бойынша «Союз - ФГ» зымыран тасығышының бөлінетін сатылары белгіленген Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ресейдік Алтай өлкесінің ауцдандарына құлаған. Кеменің ХҒС-мен түйісуі екі тәуліктен кейін 20 қарашада, ғарыш кемесінің орбитада 34 рет айналғаннан кейін жүзеге асырылады. ХҒС - 50/51 экипажы орбитадағы жарты жылға жуық кезекшілігінде «Прогресс МС» жүк кемесін, америкалық Dragon жүк кемесін, жапондық НТV кемесін қабылдап алып, 44 ғылыми зерттеу мен тәдірибе жүргізеді.
ақпарат көзі kazinfor.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




