ҚР Ұлттық банкі Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа купюраны таныстырды, - деп хабарлайды "24 Хабар" телеарнасы.
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Ұлттық банкінің "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта" атты конференция өтіп жатыр. Онда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларды Ұлттық валюта күнімен құттықтап, Мемлекет басшысының 1993 жылы төл теңгемізді енгізу туралы тарихи шешімі көреген, әрі тағдыршешті қадам болғанын атап өтті.
Іс-шара барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнотты және монетаны таныстырды. Басқосуда өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен экономистер сөз сөйледі. 10 мыңдық банкнот 1 желтоқсаннан бастап айналымға шығады.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




