Тәуелсіз ел атанғалы 25 жыл болды. Жиырма бес жыл тарих үшін қас-қағым сәт. Дегенмен, егеменді ел болғалы бергі ширек ғасырда Қазақстан көптеген салада озық жетістіктерімен әлемді мойындатты. Бейбітшілік туын жоғары ұстаған Тәуелсіз еліміздің жиырма бес жылда жеткен жетістіктері болашақ қазақстандықтар үшін үлгі-өнеге әрі мол мұра. Осы 25 жылдың бедерінде мемлекетіміздің қол жеткізген табыстарын насихаттау, ел бірлігін нығайту, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Тәуелсіздікке – 25 жыл!» атты ақпараттық автокеруен ұйымдастырды. Аталған іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов жиналған жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, автокеруенге сәт-сапар тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбар Иманалиев, Ақкөз Қосанұлы атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Тәуелсіздіктің құрдасы Ғалым Ордабаев сөз сөйледі. Аудан орталығынан бастау алған автокеруен қазір шалғай ауылдарды аралауда. Оған аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер палатасының, білім, медицина саласының мамандары, қоғамдық бірлестік, этномәдени орталық өкілдері, Мәдениет үйінің өнерпаздары тартылған. Автокеруен алдымен Жаңатоған, Андас батыр ауылдық округтеріне ат басын бұрды. Шара барысында ақпараттық автокеруен мүшелері Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ елінің, облыстың және ауданның жеткен жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында атқарылып жатқан жұмыстарды тұрғындарға жеткізіп, Тәуелсіздік тағылымын түсіндірді. Тұрғындарды медициналық тексеруден өткізу, аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Ал аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұдан кейін автокеруен Ақермен, Аспара, Кеңес, Т.Рысқұлов, Тәтті және Ақжол ауылдық округтеріне арнайы барып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті.
Нұрболат Әлдибеков, «Ақ жол».
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді