Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланды
Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.
Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайланғаны жайлы Washington Post, Bloomberg, Fox News және Assosiated Press басылымдары жариялады.
Алдына ала мәлімет бойынша, Трамп сайлаушылардың 279 дауысын жинаса, Клинтон сайлаушылардың 218 дауысын жинаған.
The New York Times басылымының соңғы мәліметі бойынша, Дональд Трамп сайлауда өз қарсыласы Хиллари Клинтоннан үлкен айырмашылықпен алда келе жатқан болатын. Сонымен қатар, басылым Трамптың АҚШ-тың келесі президенті атану мүмкіндігін 95 пайыз деп бағалаған еді.
Ал сайлау қарсаңында басылымдар мен сарапшылар Демократиялық партияның өкілі Хиллари Клинтонның жеңетінін болжаған еді.
Еске салайық, АҚШ президенттігіне сайлау 8 қарашада басталған болатын. 19 желтоқсанда формалды сайлау процедурасы өтеді, ал 2017 жылдың 6 қаңтарында АҚШ конгрессі қорытындыны бекітеді. Ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға жоспарланған. Осы кезде АҚШ президенті өз қызметіне кіріседі.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




