Облыс әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалына қарасты «Құрмет» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиыны өтті. Басқосуда алдымен соңғы екі жылда атқарған жұмыстарының жайын ұйым төрағасы Ернар Есіркепов баян етті. – Бүгінде «Нұр Отан» партиясы ең басты саяси күшке, ал бастауыш партия ұйымдары оның негізгі тірегіне айналды. Парламент депутаттарын сайлау науқанында біздің ұйымымыз да жоғары белсенділік танытып, алға қойылған міндеттерді абыроймен атқарып шықты. 20 жылдық мерейтойлары тұсында Ата Заңымызды ұлықтап, бірлігімізді танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін биіктеттік. Сондай-ақ, ардагерлерімізді ардақтап, Ұлы Жеңістің мән-маңызын ұрпақ санасына сіңірдік. Қазақ хандығының 550 жылдығы Тараз төрінде аталып өтуі үлкен оқиға болды. Міне, осы ұлы мерекенің жоғары деңгейде өтуіне партия мүшелері ерекше атсалысты. Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ете отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты берген тапсырмалары облыста мүлтіксіз орындалуда, – деді ол. Баяндамашы есепті кезеңде облыста өткен мәдени-көпшілік шараларға да тоқталып өтті. Жыл ішінде Елбасы Жолдауының басым бағыттарын түсіндіруге, «Мәңгілік Ел» идеясы аясында қоғамның топтасуын қамтамасыз етуге, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыруға, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілетуге, «Болашағы біртұтас ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанын іске асыруға және «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін насихаттауға ерекше көңіл бөлініп, барлығы 1723 ауқымды шара ұйымдастырылған. Оған 249 мыңнан астам адам тартылған. Бұдан кейін облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің басшысы Олжас Баққараев, индустрияны дамыту және инвестиция бөлімінің басшысы Айбек Тасеменов, қаржы-экономикалық және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Орынбаев өз салалары бойынша баяндап, жыл ішінде жеткен жетістіктерге тоқталып өтті. Ал жарыссөзге шыққан облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дауыл Бейсенқұлов пен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бақкелді Тұрсынбек аталған бастауыш партия ұйымының екі жылда атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Есепті жиынның соңында бастауыш партия ұйымы бюросының мүшелері, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді