Бүгін еліміздің төрт өңірінде көктайғақ болады
Қазақстанның батыс, солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, шығыста бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, түнде жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




