Ауыл оқушысы 150 мың доллардың сертификатын жеңіп алды
Ақтөбе облысында тұратын 15 жасар Мөлдір Жұбаева Түркияның кез келген жоғары оқу орнында білім ала алады, деп хабарлайды Вaq.kz.
«Ата-анам интернетте көп отыруыма қарсы болды. Алайда таяуда осы жерден халықаралық жобалар туралы оқып-білдім, сөйтіп оған қатысуға шешім қабылдадым, – дейді Мөлдір. – Қатысушылар арасында әлемнің 50 елінің оқушылары болды. Гран-при аламын деп ойлаған жоқпын, өйткені қарсыластарым өте мықты еді, дегенмен мен үздік шықтым. Жеңіске жеттің дегенде, сенген жоқпын. Мені ҰБТ-дан босатты».Жеңімпазға бас жүлде ретінде 150 мың доллардың сертификаты берілді, ол ауыл оқушысына Түркияның кез келген оқу орнында білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Мөлдір Парижге жолдама жеңіп алды. Сынып жетекшісі мен мектеп директорына да Тайланд пен Дубайға жолдама табысталыпты.
«Сертификатты алдық, алайда қызым әлі қайда оқитынын шешкен жоқ», – дейді Мөлдірдің әкесі.Ырғыз мектеп-гимназиясының мұғалімдері Мөлдір көпбалалы отбасынан шыққанын хабарлады, Жұбаевтардың отбасында бес бала тәрбиеленуде. Қыздың анасы – бастауыш сынып оқушысы, әкесі зейнетте, ол да білім саласында еңбек еткен. Мөлдір Жұбаева журналист мамандығын алып, өзінің телеарнасын ашуды армандайды. Сондай-ақ ол белгілі қазақ жазушыларының кітаптарын түрік тіліне аударғысы келеді.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді