Денсаулық
Тигиевтен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады
- author «Ақ жол»
- 27 қазан, 2016
- 484
Тигиевтен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесі қайтарып алынады
Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Олимпиада ойындарының допинг сынамаларын қайта тексергеннен кейін тоғыз спортшының жетістігін жоққа шығарды. Бұл туралы ҚОК баспасөз қызметі хабарлады.
Спортшылардың жаңа тізімінде еркін күрестен 84-96 салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер Қазақстан спортшысы Таймураз Тигиев те бар.
ХОК-тың тәртіптік комиссиясының құрамына Денис Освальд (төраға), Гунилла Линдберг мен Угур Эрденер кірді. Комиссия Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне күміс жүлдені, дипломды және Олимпиада спортшысының төс белгісін қайтарып беруін қамтамасыз ету жөніндегі шешім шығарды.
Тізімде бес медаль иегері атап көрсетілген, олар: ресейлік желаяқ Екатерина Волкова (қола медаль), Өзбекстаннан еркін күрестен Сослан Тигиев (күміс медаль), Украина ауыр атлетшісі Ольга Корбка (күміс жүлде), Беларусь спортшылары Анастасия Новикова (қола) мен Андрей Рыбаковлар (күміс).
Жалпы алғанда ХОК-тың екі мәрте тексеру қорытындысы бойынша 2008-2012 жылғы Олимпиадаға қатысқан 98 спортшының сынамасынан тыйым салынған заттар табылды. Соның ішінде екінші мәрте тексеру кезінде 23 жүлдегердің тесті қорытындысы бойынша нәтиже таза болмай шықты.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




