Kazakh TV мен Білім және мәдениет қосылды .
Әлемнің 100-ден астам еліне хабар тарататын Kazakh TV арнасы жаңа форматқа көшті. Телеарна жаңалықтарды 15%-ға дейін қысқартады. Оның орнына көрерменге қызықты бағдарламалар көрсетіледі. Телеарнаның мүмкіндігі өте зор. Себебі, Kazakh TV арнасының аудиториясы – 300 млн адам. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Kazakh TV арнасы жаңа форматқа көшіп отыр. Ол 100-ден астам елде хабар таратады. Яғни шетелдің 100-ден астам кабельді операторымен келісімшартқа отырған. Бұл ерекше мүмкіндік. Аудиториясы – 300 млн адам. Енді телеарна елімізді халықаралық деңгейде насихаттайтын болады. Қазақстанда мемлекеттік және орыс тілдерінде, шетелде ағылшын тілінде хабар таратады», - деді басшы.Сонымен қатар, Дәурен Абаев Білім және мәдениет телеарнасымен біріктірілген Kazakh TV қандай бағытты ұстанатынын атап өтті.
«Kazakh TV Білім және мәдениет телеарнасымен біріктіріліп, жаңарған форматта хабар таратуға кірісті. Нақты тапсырмалар берілді. Сондықтан біз қазақстандық жаңалықтарды Kazakh TV арнасында 15%-ға дейін қысқарттық. Себебі, күнделікті жаңалықтарымыз шетелдік аудиторияға қызықты болмауы мүмкін. Оның орнына сапалы бағдарламалар көрсетіледі. Олар шетелдік инвесторларға отандық экономика туралы хабар береді. Осылайша телеарна шетелдік инвестиция мен туристерді тартуға өз септігін тигізеді. Kazakh TV арнасы осы бағытта жұмыс істейтін болады. Ал арнаның кадрлық мәселелерін «Хабар» телекорпорациясының басшылығы шешеді», - деді министр.Арна директоры Андрей Тараков жаңа логотипті түсіндіріп өтті.
«Біздің арнаның бұрынғы логотипінде бүркіт ортасында тұратын. Бұл Елбасының идеясы болатын. Ал жаңа логотипте қыранның бейнесі бар. Бірақ біз оны өзгерттік. Арна қарпінің бірнеше нұсқасы болды. Сарапшылармен ақылдастық. Осылайша осы форматты таңдадық. Бұл біздің тарихымыздан сыр шертеді. Себебі, бұл руна әріптерімен жазылған. Ал үш сызық біз «Хабар» агентігі холдингіне кіретінімізді білдіреді», - деді басшы.Айта кетейік, «KAZAKH TV» 2002 жылдың 25 қазаны күні ашылды. Спутниктік арна көмегімен әлемнің 118 мемлекетіне тарайды. Олардың арасында Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдері бар. Арна форматы – ақпараттық-танымдық. Барлық бағдарламаларды арнаның www.kazakh-tv.kz сайтынан көруге болады.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді