«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Айбек Нұғымаров «Түйе балуан» атанды

Айбек Нұғымаров «Түйе балуан» атанды
ашық дереккөз
Айбек Нұғымаров «Түйе балуан» атанды
Оңтүстік Қазақстанда қазақ күресінен дәстүрлі Қажымұқан атындағы халықаралық турнир өтті. Осымен 52 рет ұйымдастырылған жарысқа елдің мықты балуандарының барлығы дерлік қатысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ең жеңіл салмақта, яғни 55 келіде, Жамбыл облысынан келген Абылайхан Кеулімжай топ жарса, 60 келіде қарағандылық Еламан Қуанбайға тең келер ешкім болмады. Сондай-ақ, өзге салмақтарда Қасымхан Төленбай, Айдос Ғалымов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Әділжан Ыстыбаев, Асыл Барменов және Өзбекстаннан келген Мухсин Хисамиддинов жеңімпаз атанды. Қажымұқан атындағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары: 55 келі: Абылайхан Кеулімжай. Жамбыл облысы. 60 келі:. Еламан Қуанбай. Қарағанды облысы. 66 келі: Қасымхан Төленбай. Алматы қаласы. 74 келі:. Айдос Ғалымов. Қарағанды облысы. 82 келі:. Ерсұлтан Мұзаппаров. ОҚО 90 келі: Әділжан Ыстыбаев. ОҚО 100 келі: Асыл Барменов. Қарағанды облысы +100 келі:Мухсин Хисамиддинов. Өзбекстан. Ал Түйе балуан сайысына 30-дан астам спортшы қатысқан. Олардың қатарында Моңғолиядан келген Алтынгерен, өзбек балуаны Мухсин Хисамиддинов, «Қазақстан Барысы» жүлдесінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, жүлдегерлері Руслан Әбдіразақов, Ержан Шынкеев, Асыл Барменов болды. Командалық есепте бірінші орынды Қарағанды облысы иеленді.ОҚО мен ШҚО жүлделі екінші-үшінші орындарды бөлісті. Финалда Айбек Нұғымаров пен Ержан Шынкеев белдесіп, жамбас ұпайымен шығыс балуаны жеңіске жетті. Жеңімпазға 1 миллион теңге мөлшерінде сыйақы берілді. Түйе балуан иегерлері: 1-орын. Айбек Нұғымаров. ШҚО 2-орын. Ержан Шынкеев. Қарағанды облысы. 3-орын. Еламан Ерғалиев. Қызылорда облысы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықты жарысты ұйымдастырушы, облыстық қазақ күресі қауымдастығының төрағасы Полат Қырықбаев пен Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков тапсырды. «Қажымұқан» қоғамдық қоры мен «Қазақ Хан батырлары» қоғамдық қоры өздерінің медальдарын тапсырды. «Қажымұқан» медалімен осы турнирдің бірнеше мәрте абсалютті жеңімпазы Қуат Байқожаев пен «Қазақстан Барысы» жүлдесін үш рет қатарынан жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаев та марапатталды.

Ақпарат көзі: Baq.kz 

   

Ұқсас жаңалықтар