Ғалымдар: Ең еңбекқор адамдар АҚШ-та тұрады
Халықаралық ғалымдар тобы қай елдің тұрғындары ең еңбекқор екенін анықтады. Зерттеу барысында АҚШ пен Еуропа тұрғындары бағаланды.
Бастапқыда мамандар америкалықтар мен еуропалықтардың жұмыс орнында қанша уақытын өткізетінін есептеді. Нәтижесінде Еуропаның орта есеппен тұрғыны америкалықтарға қарағанда, 19 пайызға аз жұмыс істейтіні анықталды. Бұл көрсеткіш 260 сағатқа аз немесе күн сайын бір сағатқа кем.
Жұмыста өткізетін уақыт мөлшері бойынша америкалықтарға швейцариялықтар жақын. Ал Италия халқы, керісінше, АҚШ тұрғындарына қарағанда, 19 пайызға аз жұмыс істейді.
Салыстырмалы түрде: Ресей тұрғындары еуропалық елдерге қарағанда, жұмыс орнында көп уақыт өткізеді, алайда америкалықтардан сәл (жылына 1761 сағатқа) кем.
Кей сарапшылардың айтуынша, америкалықтар көп еңбек етеді, олар қызметінде көтерілуді мақсат етеді әрі оларда салық Еуропаға қарағанда төмен, деп хабарлады Informing.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




