Денсаулық
4 облыс мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға немқұрайды қарап отыр
- author «Ақ жол»
- 18 қазан, 2016
- 233
4 облыс мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға немқұрайды қарап отыр
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 28 маусымда өткен үкімет отырысында бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы қайта өндеуші кәсіпорындардың қуаттылығын жүктеуге қатысты тиісті ведомствоға тапсырма берген болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан облыс әкімдіктеріне аталған жұмысты жеделдетуге хаттамалық тапсырма беруді сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі арасында осы жылдың соңына дейін шараларды жүзеге асырудың нақты міндеттері мен индикаторларын анықтайтын үшжақты жоспарға қол қойылды. 28 шілдеден бастап 30 тамызға дейін барлық облыста және кейбір аудандарда шараларды жүзеге асыру механизмдері, соның ішінде кооперативтер құру мен қаржыландыру талаптары толық түсіндірілді. Сонымен бірге, әкімдіктердің тілегі бойынша қазан айынан бастап ауыл округтерінің әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарлары үшін оқыту семинарлары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда семинар Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Павлодар облыстарында өткізілді. Барлығы ЖАО 966 қызметкері оқытылды. Республика бойынша 15 қарашаға дейін 2 400 ауыл округінің әкімі мен аудан әкімдерінің орынбасарлары оқытылады», - деді Қайрат Айтуғанов.Әкімдіктердің жоспарына сәйкес, биылғы жылдың соңына дейін 150 ауыл шаруашылығы кооперативі ұйымдастырылады. Олар 100 сүт қабылдау пункті мен 2 мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңын біріктірмек.
«28 сүт қабылдау пункті және 3,2 мың отбасылық бордақылау алаңы құрылды. Нәтижесінде 15 мың жеке қосалқы шаруашылық қамтылатын болады. Бекітілген жоспарда айтылғандай, 20 тамызға дейін әлеуетті өтінім берушілердің тізімі және қаржыландыруға өтінімдер қалыптастырылу керек. Алайда кейбір облыстарда әлеуетті қатысушылар анықталмаған және жоспарды орындау басталмаған. Жоспарды орындауға қатысты жұмыстар Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында нашар жүріп жатыр. Отбасылық бордақылау алаңдарын құру бойынша жоспар Шығыс Қазақстан облысында небәрі 15%-ға орындалған. Қол қойылған жоспарларға сәйкес кооперативтерді құру мерзімі осы жылдың 10 қыркүйегіне белгіленген. Облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға немқұрайды қарап отыр. Орташа кооперативтерге 3-4 қатысушы қамтылған. Салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ЖҚШ толық қамтылмай отыр. Сондықтан, құрылатын кооперативтерді қаржыландыру кезінде ЖҚШ максималды қамту үшін 20-дан кем емес қатысушы болу талабы қойылған», -дейді вице-министр.Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді