Денсаулық
2011 жылдан бастап 40 мыңнан аса қазақстандық шағын несие алған
- author «Ақ жол»
- 18 қазан, 2016
- 455
2011 жылдан бастап 40 мыңнан аса қазақстандық шағын несие алған
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысы кезінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ауылдардағы жұмыспен қамту барысы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Министрдің мәліметіне сәйкес, 2011 жылдан бері 41,6 мың адам шағын несие алса, оның ішінде 27,2 мың адам кәсіпкер атанған. Шағын несие алғандар 38,5 мың қосымша жұмыс орындарын ашты.
Тамара Дүйсенова биыл шағын несиелендіру үш сұлба бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады: Бағдарлама қатысушысы өз капиталымен немесе бар тауарымен аймақтарда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кіреді; "Ауылда жұмыспен қамту" жобасын жүзеге асыру бойынша "Нұр Отан" партиясымен біріккен жоба. Жоба бес облыста пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты - жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлы өндірісті құру. Сондай-ақ, шағын несие сомасы 6 миллион теңгеге дейін арттырылған, кәсіпкерлік картасына сәйкес, шағын несие 3 миллион теңгеге дейінгі көлемде беріледі.
"Осы мақсаттарға биыл 30,8 миллиард теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен биыл 9,1 мың адам шағын несие алып, ауылдық жерлерде шамамен 12 мың жұмыс орнын ашады", - деп ақпараттандырды министрлік басшысы.
ҚР ДСӘДМ мәліметтеріне сәйкес, бүгінде 6,4 мыңнан астам адамға шағын несие берілген, оның ішінде шамамен 4 мың адам алғаш рет өз ісін ашқан. Несие алғандардың барлығының ішінен 5 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қалғандары - жұмыссыздар.
"Шағын несие алған азаматтардың ішінен 89 пайызы несиені ауыл шаруашылығы саласына, 6 пайыз - қызмет көрсету саласына, 3 пайыз - өнімді қайта өңдеуге, 2 пайыз - басқа да салаларға пайдаланған", - деді министр.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




