Денсаулық
30 тоннадай азық-түлік Ресей шекарасынан елімізге кері қайтарылды
- author «Ақ жол»
- 18 қазан, 2016
- 640
30 тоннадай азық-түлік Ресей шекарасынан елімізге кері қайтарылды
Қазан айының басынан бері Ресейдің Новосібір облысының аумағына карантинге іліккен 70 тоннадан астам өнімді кіргізуге тыйым салынды.
Новосібір облысы бойынша Ресей ауыр шаруашылығын бақылау басқармасының хабарлауынша, үстіміздегі жылдың жылдың қазан айының басынан бері Новосібір облысы бойынша Ресей ауыр шаруашылығын бақылау басқармасының инспекторлары «Қарасуық» фитосанитарлық бақылау бекетінде карантинге іліккен 24,832 тонна қырғызстандық, 28,88 тонна қазақстандық және 20 тонна өзбекстандық өнімді тоқтатты.
Өнім Новосібір мен Алтай өлкесінде сатылу үшін Қазақстан және Қырғыз Республикаларының автомобиль көлігімен тасымалданған.
«Карантиндік фитосанитарлық бақылау кезінде аталған өнімдер олардың фитосанитарлық қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз немесе жалған құжаттармен тасымалданғаны анықталды», делінген хабарламада.
Халықаралық карантиндік заңнама талаптарына сәйкес, барлық өнімді Ресей Федерациясы аумағына енгізуге тыйым салынды. Жүк Қазақстан және Қырғыз еліне кері қайтарылды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




