«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығын... әнші алды

Әдебиет аталымы бойынша  Нобель сыйлығын... әнші алды
ашық дереккөз
Әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығын... әнші алды
Америкалық әнші, композитор, жазушы, киноактер Боб Дилан Әдебиет аталымы бойынша 2016 жылдың Нобель сыйлығының иегері атанды. 75 жастағы композитордың осы атақты иеленуі әлемді таңғалдырды. Боб Дилан 1941 жылы АҚШ-тың Миннесота штатында дүниеге келген. Кейінгі елу жылдықтың танымал рок әншісі Боб Дилан Нобель сыйлығын ұлы америкалық әншілік дәстүрдің аясындағы жаңа поэзиялық бейнені қалыптастырушы ретінде алып отыр. Ұлыбританиялық белді мәдениет пен музыка саласындағы «Rolling Stones» журналы Боб Диланды атақты «Битлз» тобынан кейінгі ұлы музыканттар қатарына жатқызды. Ал «Time» журналы болса, Диланды ХХ ғасырдың «100 ұлы адамдары» тізіміне енгізген еді. Көбіне фолк стилінің орындаушысы ретінде әлемге танылған Боб Диланның біраз әндері азаматтық құқық пен АҚШ-тың соғысқа қарсы қозғалыстарының ұранына айналып та үлгерді. Оның еншісінде 9 «Грэмми», «Алтын глобус» және «Things Have Changed» фильміне үздік ән аталымы бойынша «Оскар», ондаған медальдары мен басқа да атақтары көп. Әнші, жазушы, суретші, сондай-ақ фильм саласында да өз орнын тапқан жан-жақты Боб Дилан екі кинотуындысын шығарды – ол өзінің гастрольдік сапарларынан алынған концерттері және бес сағаттық «Реналдо мен Клара» драмасы. «Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар