Белгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің шәкірті, Тараз қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Аманжолов Таиландта өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында +91 килограмм салмақта топ жарып, жеңімпаз атанды. Ол финалдық жекпе-жекте Ресей боксшысы Сергей Смолиннен басым түсті. Жартылай финалда белорус Евгений Медникті жарыс жолынан шығарды. Құдай қаласа, аса ауыр салмақта Левит, Дычколардан басқа да талантты боксшы Тараздан да шығайын деп тұр. Бұған дейін бірқатар додада көзге түскен Нұрсұлтан Аманжолов Бішкектегі Д.Шопоковты еске алуға арналған турнирде Біріккен Араб Әмірліктерінің үміті Алмерами Хамадты нокаутпен жеңген болатын. Жамбылдық алып боксшының бойы 2 метр. «Нұрсұлтан бір-екі жылда тәжірибесі толысқан боксшыға айналғалы тұр», – дейді бапкері Нұрлан Ақүрпеков.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




