«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Футболдан Қазақстан құрамасы Румыниямен тең ойнады

Футболдан Қазақстан құрамасы Румыниямен тең ойнады
ашық дереккөз
Футболдан Қазақстан құрамасы Румыниямен тең ойнады
Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Румыниямен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу 11 қазанда "Астана Арена" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.  src= Бірінші болып, соққыны румын форварды Богдан Станку жасады. Алайда оның добы қақпадан сәл биік ұшты. Ал Қазақстан құрамасы 21-ші минутта қарсы шабуыл жасады, бірқ Сергей Хижниченко мүмкіндікті сәтті пайдалана алмады.  src= Кейін румындар ойыншысын алмастыруға мәжбүр болды. Ойынның 26-шы минутында команда капитаны Драгош Грегоре жарақат алып қалды. Оны алаңнан дәрігерлер алып кетті, оның орнына Космин Моци шықты.  src= Ал осы сәттен кейін Қазақстан қақпасына гол соғыла жаздады. Алайда жартылай қорғаушы Адриан Попаның добы қисық кетті. Кейін Александру Кипчу соққы жасап, ол да бағанадан қисық кетті. Бірінші таймның соңында қарсылас командадан тағы бір жартылай қорғаушы өзін алмастыруды сұрады, себебі ол да жарақат алған еді. Үзіліске командалар 0:0 есебімен тарқасты.  src= Ал екінші таймда командалар өте сақ ойнады. Алпысыншы минутта Самат Смақов пен Исламбек Қуат румын қақпашысын терлетті. Тағы бір сәтте қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Попаның соққысын қайтарып жатты. Осылайша қосымша тайм беріліп, екі команда да гол соға алмады. Қазақстан осымен екінші рет өз алаңында тең ойын көрсетіп отыр. Сөйтіп, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен екінші ұпай алып отыр.  src= Айта кетейік, Румыниямен өткен матчта Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов соңғы рет алаңға шықты. 37 жастағы ойыншы 2000 жылдан бері ойнап, 75 матч өткізді, бұл - рекорд. Қазақстан құрамасы келесі ойынын 11 қарашада Копенгагенде Дания құрамасымен өткізеді.  src= © Жігер Әбенов / Vesti.kz

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Ұқсас жаңалықтар