Самат Смақов футболдағы мансабын аяқтады
Қазақстандық футболдың ардагері Самат Смақов ел құрамасы үшін Румынияға қарсы матчта соңғы рет ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Румыниямен тең түскен ойыннан кейін спортшылар киім ауыстыру бөлмесінде Смақовты шығарып салу рәсімін жасады. Футболшыны аспанға лақтырған видеоны павлодарлық «Ертіс» қақпашысы Давид Лория өз парақшасында жариялады.
«Бұл менің ұлттық құрама сапындағы соңғы ойыным. Бұл шешімді қабылдау оңайға соққан жоқ. Мен ұзақ ойландым. Жастарға жол беру керек. Менің соңғы ойыныма келген жанкүйерлерге алғысым шексіз. Футболшының мансабын аяқтағаныммен, ұлттық құрамадан кетпеймін. Бапкер ретінде еңбек етуім мүмкін», - деді Самат Смақов «Қазақстан» арнасындағы тікелей трансляция барысында.
Айта кетейік, 37 жастағы жартылай қорғаушы Құрама сапында 2000 жылдан бері ойнады және рекордты 75 матчқа қатысты.
Қазіргі ойыншылардан Смақовты мына спортшылар қуып жетуі мүмкін - Нұрбол Жұмасқалиев (55 ойын), Давид Лория (40 матч) және Сергей Хижниченко (39 ойын).
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді