Денсаулық
Путин ОПЕК-тің мұнай өндірісін шектеу келісіміне қосылатындығын мәлім етті
- author «Ақ жол»
- 11 қазан, 2016
- 611
Путин ОПЕК-тің мұнай өндірісін шектеу келісіміне қосылатындығын мәлім етті
Мұнай өндірісін шектеу немесе қысқарту - бұл мұнай нарығында тұрақтылықты сақтау үшін маңызды шешім.
Ресей тиісті келісімге қосылуға дайын. Бұл туралы дүйсенбі, 10 қазан күні Ыстамбұлда өткен Әлемдік энергетика конгресінің арнайы сессиясында Ресей Президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Ресей өндірісті шектеу жөніндегі бірлескен шараларға қосылуға дайын және өзге де мұнай экспорттаушыларды осылай істеуге шақырады», - деді В.Путин. РФ нақты келісімдерге қараша айында ОПЕК елдерінің кездесуінде қол жеткізіледі деп үміттенеді.
Ресей Президентінің мәлімдемесі аясында мұнай бағасы өсімін жалғастырды.
10 қазан күні Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид Аль-Фалих 2016 жылдың соңына қарай мұнай бағасының бареллі 60 долларға жететінін мәлімдеген еді.
Ыстамбұлда өтетін конгресс жұмысы барысында ОПЕК-қа мүше және ұйымға кірмейтін мемлекеттер арасында мұнай өндірісін шектеу мәселесі жөнінде кеңестер өтеді. Бейресми кездесуге Ресей, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Алжир, Венесуэла, Габон, Катар, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері өкілдері қатысады.
Мұнай өндірісін шектеу туралы ОПЕК елдері 28 қыркүйекте келіскен болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




