Денсаулық
Головкин соққы өткізіп алса, дереу қайтарады. Ол көпшіліктің осындай боксты ұнататынын біледі - Хурцидзе
- author «Ақ жол»
- 10 қазан, 2016
- 521
Головкин соққы өткізіп алса, дереу қайтарады. Ол көпшіліктің осындай боксты ұнататынын біледі - Хурцидзе
WBO рейтінгінде алғашқы орында тұрған грузиялық боксшы Автандил Хурцидзе қазақстандық Геннадий Головкинның жұдырықтасу мәнерін керемет екенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz Ол Головкинның Флойд Мейвезер айтқандай қарапайым мәнердегі боксшы еместігін айтады."Головкинның бокс мектебі жақсы. Ол соққы өткізгенмен, оларды бірден қайтарады. Көрермен осындай боксты сүйетінін біледі. Әсіресе Америкада. Ол көпшіліктің көңілінен шығаып жүр, бұл керемет. Алайда, біреу-міреу Головкин тік жүре беретін қарабайыр боксшы десе, бұл үлкен қателік. Мейвезер туралы ештеңе айтапай-ақ қояйын, ол бәріне жақсы таныс. Ол жай ғана боксты тамашалап қоймайды, ол осылай сөйлегенді ұнатады", - деді ол.
Сонымен бірге, спортшы Мейвезердің жақында айтқан сөзіне (Головкинның Баду Джекпен кездесуі керектігі туралы) де өз ойын жеткізді.
"Баду Джек жақсы боксшы, бірақ есте қаларлық емес. Орташа деңгейлі жақсы боксшы. Бұл қызықты кездесу болар еді, бірақ менің ойымша, Головкинге салмағын ауыстырудың қажеті жоқ",- деп өз пікірін айта кетті Хурцидзе.
Еске салайық, мұның алдында Флойд Мейвезер мексикалық Сауль "Канело" Альварес Головкинді нокаутқа жібереді деген болатын және шведтік боксшы Баду Джекпен қолғап түйістіруді ұсынды.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




