Түркияда жарылыс болды: 17 адам қаза тапты
Түркияның Хаккари провинциясы Шемдинли ауданындағы жандармерия күзет орны маңындағы миналанған көлікте болған жарылыстан кем дегенде 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайдыРИА Новости провинция губернаторы Гюнет Орхан Топрактың хабарламасына сілтеме жасап.
Осыған дейін Түркия қарулы күштерінің бас штабындағылар сегіз адамның қаза тауып, тағы бес әскеридің зардап шеккенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясындағылар осы жарылысты ұйымдастырды деген күдіктің болғаны айтылды.
"Шемдинлиде болған жарылыстың салдарынан 17 адам қаза тапты, олардың тоғызы - әскерилер. Олардан басқа тағы 27 адам зардап шекті", - деп мәлімдеді Топрак телеарнаға берген сұхбатында.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




