Денсаулық
Астаналық "калькулятор бала" ресейлік шоуда әділ қазыларды таңғалдырды
- author «Ақ жол»
- 6 қазан, 2016
- 197
Астаналық "калькулятор бала" ресейлік шоуда әділ қазыларды таңғалдырды
Астаналық 10 жастағы оқушы ресейлік телешоудың әділ қазылары мен көрермендерін математикалық есептерді ойша жылдам есептей алатындығымен таңдандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Россия 1" арнасының эфиріндегі "Удивительные люди" жобасында Ілияс үш сынақтан да өте алған: алдымен ол бірнеше секундта екі және үш таңбалы санды қосып, кейін екі қос таңбалы санның шаршысын, артынша осы сандардың шаршыларының айырмашылығын шығарып берді. Көреремендер балақайға аяқтан тік тұрып қол шапалақтады. Шоу таспасы Youtube хостингінде пайда болғанын айта кетейік.
10 жастағы Ілияс Тоқтарханды "калькулятор-адам" деп атайтын көрінеді.
"Мені калькулятор адам деп атайды, өйткені мен ойша барлығынан жақсы есептеймін. Мен екі, үш, төрт таңбалы сандардың бірнеше қатарын есептей аламын, екі және үш таңбалы сандарды көбейтіп, бөліп, шаршы түбірін шығарамын. Мен математикалық икемім мен кілең беске оқитыныма мақтанамын", - деді ол тележоба эфирінде.
"Мен жай ғана есептер мен абакусты елестетіп, есепті шешемін", - деп түсіндіре кетті оқушы өзінің ерекше қабілетін.
Оның айтуынша, 9 жасында ол әлемнің 52 елінен 12 мың адам қатысқан Нью-Делидегі ментал арифметикадан өткен жарысты ұтқан.
"Менің бұл қабілетім дүкенге барғанда, шетелге шыққан кезде валюта бағамын калькуляторсыз есептеуге көмектеседі. Болашақта мен IT маманы болғым келеді. 3D-ойындарының бағдарламасын, роботтар мен сайттар жасап, фотошопты білгім келеді. Маған бұл жоба математикалық қабілетімді көрсетіп, барлығын таңдандыру үшін керек", - деді Ілияс Тоқтархан.
"Удивительные люди" телешоуы - 2011 жылы Германияда сәтті бастау алып, Қытай, АҚШ, Франция, Италия мен Испанияны қоса алғанда көптеген елдерге бейімделіп таралған he Brain шоуының ресейлік нұсқасы.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді