Денсаулық
Көлік жүргізу курсын бітіргені туралы куәлік мектепте беріледі – Е.Сағадиев
- author «Ақ жол»
- 5 қазан, 2016
- 606
Көлік жүргізу курсын бітіргені туралы куәлік мектепте беріледі – Е.Сағадиев
Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жол жүру ережесін үйрету жұмыстары мектеп қабырғасынан басталатынын жеткізді. Оның айтуынша, осы шаралардың арқасында еліміздегі жол-көлік апаттарының санын азайтуға болады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Бүгінде балалардың жолда жарақат алу деңгейі азаймай отыр. Осыған байланысты алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасына, яғни НВП-ға көлік жүргізу, сонымен қатар жол қауіпсіздігі ережелерін оқытуды енгізетін боламыз. Осының нәтижесінде мектеп бітіретін балаларға көлік жүргізу курсын бітіргені туралы куәлік беріледі. Осылайша, 18 жасқа келген бала көлік жүргізу куәлігін ала алады», - дейді Е.Сағадиев.Министрдің айтуынша, бүгінде алғашқы әскери дайындықтан сабақ беретін мұғалімдерді қайта даярлау курстарынан өткізу көзделіп отыр. Оған қажетті қаражат бар. Ал осы саладағы жұмысты келесі жылы бітіндеп бастау жоспарланған.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




