Денсаулық
Қазақстан мен Ресей пойыздарды шекаралық бақылау жүргізбей өткізуге келісті
- author «Ақ жол»
- 5 қазан, 2016
- 203
Қазақстан мен Ресей пойыздарды шекаралық бақылау жүргізбей өткізуге келісті
Қазақстан мен Ресей аялдамасыз жолаушылар пойыздарын шекаралық бақылау жүргізбей өткізуге келісті, - деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы темiржол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы келiсiмге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 4 қазанда қол қойылды.
Құжатқа сәйкес тараптар РФ аумағындағы ҚР темір жол учаскелерінде және ҚР аумағындағы РФ темір жол учаскелерінде жолаушылар және жүк пойыздарының мемлекеттік шекара арқылы өтуін бақылау рәсімдерін жүргізбей, соның ішінде шекаралық бақылауды жүргізбей өткізуге келісті.
Бұл, Қазақстан үшін аялдамасыз пойыздарды ұйымдастыру кезінде Батыс Қазақстан облысы мен орталық және оңтүстік өңірлер арасындағы жолаушылар тасымалының уақытын 10 сағаттан аса қысқартуға мүмкіндік береді.
ҚР ИДМ мәліметінше, қол қойылған хаттама ратификацияланғаннан кейін Астана-Орал және Алматы-Орал қатынасындағы жүрдек жолаушылар пойыздары ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді