Қысқа нөмір іске қосылды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуді жетілдіре отырып, салымшылар (алушылар) үшін байланыс орталығына қоңырау шалатын 1418 қысқа нөмірін іске қосты.
Енді БЖЗҚ салымшылары (алушылар) күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін қысқа әрі тез жатталатын нөмірді тере отырып, Қорға қоңырау шалып, өздеріне керекті барлық сұрақ бойынша кеңес алатын болады.
Осы нөмірге еліміздің кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірінен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегін әрі қолжетімді.
1418 нөмірі қалалық телефоннан тегін қоңырау шалынатын «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының 8 800 080 11 77 нөмірімен қатар жұмыс істейтін болады, деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
Ақпарат көзі: egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




