Денсаулық
Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операциясы жасалды
- author «Ақ жол»
- 4 қазан, 2016
- 652
Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операциясы жасалды
Елімізде алғаш рет 3D лапароскопиялық операциясы жасалды. Бұл туралы "Хабар24" жазды.
Күрделі операцияны Ақтөбеде өтіп жатқан эндоскопия хирургтерінің құрылтайына қатысқан бірнеше елдің маманы бірлесе жасады. 45 жастағы ер адамның бауыры жаңа лапароскопиялық әдіспен алмастырылды. Сырқатқа өз баласы бауырының жартысын бөліп берген. Оңтүстік Корея, Грузия, Ресей, Украина мен Латвиядан келген білікті хирург-мамандар 3 күн бойы шеберлік сағатын өткізеді. Жергілікті дәрігерлермен бірігіп, жаңа әдіспен күрделі операциялар жасайды. Облыстық балалар клиникалық ауруханасында мұндай шараның бірнешеуі жоспарда тұр. Негізі Ақтөбеде жыл басынан бері 4 рет бауыр алмастырудың ашық операциясы сәтті жасалды. Әсет Қалиев, Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы: - Жалпы кешеден бастап Ақтөбе қаласына 100-ден астам хирург келді. 8 шеберлік сағаттары өтіп, біздің Ақтөбе облысының тұрғындарына 35 өте күрделі операция орындалатын болады. Эндовидеохирургиялық технология арқылы аз инвазивті жолдармен өте күрделі операциялар жасайды.
Ақпарат көзі: Zhambyl.news
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




