Денсаулық
Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтын жолсеріктер енді жұмыстан қуылады
- author «Ақ жол»
- 4 қазан, 2016
- 663
Пойыздарда телефонын тоққа қосқаны үшін жолаушыдан ақша сұрайтын жолсеріктер енді жұмыстан қуылады
Бас көлік прокуратурасы ескі-құсқы жайма мен микробқа толы вагондардағы сорақылықты әшкерелеген соң, «Қазақстан темір жолы» олқылықты түзетуге дереу кірісті. Жол ережесін шұғыл өзгертіп жатқан теміржолшылар тіпті, жолсеріктерден жолаушылардың ұялы телефонын қуат көзіне тегін қосуды талап етіп жатыр, – деп хабарлайды ктк арнасы.
Өйткені, «Тұлпар-тальгодан» бөлек пойыздардың барлығында тоқ көзі тек жолсеріктердің купелерінде бар. Ал олар жолаушылардан ақша сұрайтыны белгілі. Тіпті, вагон ішіндегі тазалықты сақтаудың орнына мұны бизнеске айналдырып алғандар көп. Сондықтан басы дауға қалған «Қазақстан темір жолы» енді пойыздарда бақылауды күшейтіп, тозығы шыққан ескі вагондарды жаппай жөндейміз деп сендіріп отыр. Ал, жолсеріктердің жолаушылардан ақша алғаны анықталса, бірден жұмыстан қуылмақ. «Ұялы телефондар болсын басқасы болсын оларды жолсеріктерге зарядтауға қатаң тыйым салынған. Өйткені, бұл қызмет жолаушыларға тегін болып келеді», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ вице-президенті Асылхан Қалдыкөзов.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




