Астанада жер алған 1084 адам оны пайдаланбаған
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қалалық қызметтердің игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау және құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақытылы шығару мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.
Бекітілген іс-шаралар аясында елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен отырыс өтті, оған игерілмейтін жер учаскесінің 400 жуық иесі қатысты.
Елорда басшысының бірінші орынбасары Сергей Хорошунның айтуынша, ескерту жасалғаннан кейін бір жылдың ішінде игерілмеген жер учаскелері бойынша сотқа мәжбүрлі түрде алу бойынша талап-арыз ұсынылады.
2012-2016 жж елорда әкімдігі прокуратура органдарымен бірге қала аумағындағы игерілмейтін жалпы ауданы 16 мың га 1084 жер учаскесі анықталды. Соның ішінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы ауданы 6 мың га 265 игерілмейтін жер учаскесі (соның ішінде: жалпы ауданы 5,2 мың га 88 ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскесі, ауданы 0,8 мың га 177 коммерциялық нысан) мемлекетке қайтарылды.
Бұған дейін пайдаланылмай келген ауданы 4,4 га жер учаскесі (соның ішінде: ауданы 4 мың га ауыл шаруашылық мақсаттағы 54 жер учаскесі, ауданы 0,4 мың га 286 коммерциялық нысан) игеріле бастады.
Сондай-ақ, ауданы 5,6 мың га 479 жер учаскесі бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін қайтаруды қамтамасыз ету бойынша Жол картасы әзірленді. Құжат аясында барлық пайдаланылматын жерлердің иелеріне бір жылдың ішінде жерді мақсатты пайдалану қажеттілігі туралы ұйғарым берілді.
Сонымен қатар, құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақтылы шығару және рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау бойынша мәселелер әкімдіктің ерекше бақылауына алынды. Салушылар мен игерілмеген жер учаскелерінің иелеріне екі аптаның ішінде аумақтағы қоқысты арнайы қалалық полигонға шығару туралы ескерту жасалды.
Айта кетейік, ҚР Жер кодексінің 94-б. Нормасының талаптарына сәйкес, игерілмейтін жер учаскелері сот шешімімен алынады және сот орындаушыларымен саудаға (аукционға) шығарылады. Қазіргі таңда ауданы 69,3 га 33 жер учаскесін мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтару туралы шағым қанағаттандырылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауға алынды.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді