9 айда Қазақстанда инфляция 5,6%-ды құрады. ҚР ҰЭМ мәліметінше, азық-түлік 4,9%-ға, ақылы қызметтерге баға 5,3%-ға өсті. Ағымдағы жылдың басынан бері бағаның өсуі жармаларға 32,5%, шайға – 25,8%, қантқа – 22,4%, нанға – 16,1%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 13%, кондитерлік өнімдерге – 11,9%, күнбағыс майына – 11,8%, салқындатылған сусындарға – 10,8%, макарон өнімдеріне – 10,2%, жеміс және көкөніс шырындарына – 9,3%, құс етіне – 8,7%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 8,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 7,9%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 27,8%, жұмыртқаға – 8%, шикі сүтке – 7,9%-ға тіркелді. Дизель отыны 27,3%, баллондағы сұйытылған газ – 17,5%-ға қымбаттады. Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 8%, білім беру – 6,1%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 5%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 4,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 2,9%-ға өсті. Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы 12,5%, әуе көлігіне – 11,8%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 8,4%-ға жоғарылады. Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,2%, суық суға – 12,4%, қоқыс шығаруға – 11%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 7,4%, орталықтан жылытуға – 7,3%, электр энергиясына – 6,3%, ыстық суға – 5,1%-ға өсті, деп хабарлайды primeminister.kz. Пікір қалдырыңыз Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді