«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Елдегі зертхана жұмыс істемегенімен қазақстандықтар допинг тестті шетелде тапсырды

Елдегі зертхана жұмыс істемегенімен қазақстандықтар допинг тестті шетелде тапсырды
ашық дереккөз
Елдегі зертхана жұмыс істемегенімен қазақстандықтар допинг тестті шетелде тапсырды
Алматыдағы Антидопингтік зертхана дисквалификацияланған кезде қазақстандық спортшылар шетелде допинг тестін тапсырды. ҚазАқпараттың ресми сауалына орай Ұлттық антидопингтік орталықтың жауабында осылай делінген. «Алматы қаласындағы антидопингтік зертхана жұмысы тоқтатылған уақытта спортшылардан алынған барлық допинг-бақылау сынамалары Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктің аккредитациясы бар әлемнің басқа да антидопингтік зертханаларына жіберілді», - делінген хабарламада. Бұған қоса, Ұлттық антидопингтік орталық Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктің аталған шешіміне шағым жіберілген-жіберілмегендігі, соңғы 4 айда зертхана қандай жұмыстар атқарғандығы және аккредитацияны уақытша тоқтату қашан аяқталатындығы жайында ешқандай ақпараттың жоқ екендігін хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда WADA (Бүкіләлемдік антидопингтік агенттік) Алматы антидопингтік зертханасын халықаралық стандарттарға сай еместігіне байланысты аккредиттеу құқығынан айырды. Аталған агенттік таратқан ақпаратта зертхана жұмысы 4 ай уақытқа шектелгені, егер бұзушылықтар дұрысталатын болса, аккредиттеу құқығы қайтарылатыны айтылған. Айта кетерлігі, 16 маусымда IWF Лондон Олимпиадасының чемпионы атанған төрт бірдей ауыр атлетіміз Илья Ильин, Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зульфия Чиншанлоның жарыстарға қатысу құқығын шектеген болатын. Сәл кейінірек олардың қатарын Алмас Өтешев, Ирина Некрасова, Мария Грабовецкая, Владимир Седов толықтырды. 17 тамызда Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) басшысы Тамаш Аян Рио-де-Жанейродағы Олимпиада аяқталғаннан кейін Ресей, Қазақстан, Беларусь ауыр атлетика федерациясын бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айыратындығын хабарлаған еді. «Риодағы Олимпиададан кейін бірқатар елдердің мүшелігін тоқтатамыз. Оған кепілдік беремін. Олар Ресей, Қазақстан, Беларусь. Қайта талдау аяқталған жоқ, ақпарат күтіп отырмын, тағы бірнеше ел жарыстан шеттетілуі мүмкін. Оны қыркүйектің аяғында немесе қазанда мәлімдейміз», - дейді IWF басшысы.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар