Денсаулық
Жамбыл облысында қазақ күресінен "Жас барыс" республикалық турниріне іріктеу өтеді
- author «Ақ жол»
- 3 қазан, 2016
- 667
Жамбыл облысында қазақ күресінен "Жас барыс" республикалық турниріне іріктеу өтеді
2016 жылдың 2-4 қазан аралығында Мойынқұм ауданындағы №19 БЖСМ-нің спорт кешені Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турниріне Жамбыл облыстық іріктеу жарысы өтеді. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Жарысқа аудандар мен Тараз қаласында іріктеу жарыстарынан өткен 3 жас ерекшелігі бойынша: 14 -15 жастағы балалар (9 салмақ дәрежесі), 16-17 жастағы жасөспірімдер (7 салмақ дәрежесі) және 18-19 жастағы жастар арасындағы (8 салмақ дәрежесі) 250 жуық спортшы қатысуы жоспарлануда.
Жарыстың І іріктеу кезеңі – ауылдық елді мекендерде, ІІ іріктеу кезеңі - аудан орталықтарында ұйымдастырылып, 2254 спортшы қатысты.
Аталған жарыстарды ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы, "Жамбыл облыстық қазақ күресі қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі жүзеге асырады.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты Қостанай облысы, Затобол кентінде 2016 жылы 6-9 қарашада өтетін «Жас Барыс» республикалық турниріне облыс құрама командасын жасақтау, ұлттық құндылықтырымызды дәріптеу, діни экстремизм және терроризмге қарсы күресу, жастар арасында нашақорлыққа жол бермеу, қазақ күресі мен салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге және ұлт-жандылыққа тәрбиелеу болып табылады.
Жарыстың салтанатты ашылуы Мойынқұм ауданыындағы №19 БЖСМ-ның спорт кешенінде 2016 жылдың 3 қазан күні сағат 10.00-де өтеді.
Ақпарат көзі: Zhambyl.news
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




