Денсаулық
73 жастағы қария Алматыдан Астанаға дейін велосипедпен жетті
- author «Ақ жол»
- 3 қазан, 2016
- 580
73 жастағы қария Алматыдан Астанаға дейін велосипедпен жетті
73 жастағы алматылық азамат Әбілтай Шайхов Алматыдан Астанаға велосипедпен бір жарым аптада жеткен, деп хабарлады 24.kz.
Бұл эстафетаны ҰҚК ардагері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Ескере кететін бір жайт, зейнеткер 1 200 шақырым жерді велосипедпен еңсеру барысында өзіне дәрігерлер тағайындаған бірде бір дәрілік препаратты қабылдамаған.
«Жол бойы құрт пен ірімшікті азық еттім. Оларды жолға арнайы алып шықтым. Бұл қазақ халқының салты. Құрт күш береді, шөлдетпейді. Дәрігерлер маған дәрі қобдишасын да әзірлеп берген, алайда мен үшін оның қажеті болмады. Нағыз кальций – құртта», – деді ақсақал.
Елордаға Әбілтай Шайхов бүгін жетті, ал Алматыдан 21 қыркүйек күні шыққан болатын. Айтуынша, еліміздің әрбір қаласында отандастары оны құшақ жая қарсы алған. Ал Астана алаңында, жаңбырға қарамастан, жүзге жуық адам жиналған, деп хабарлады «Хабар» телеарнасы.
«Халықтың қабылдауына риза болдым. Жамбыл облысына жетіп қалған кезде әртүрлі күш құрылымдарының бес өкілі мені велосипедпен күтіп алды. 200 шақырымды бірге жүріп өттік. Ол кезде велосепидті жақсы тебе алмайтынмын. Үш күннің ішінде үйрендім. Олар маған велосепедті дұрыс тебуді, дұрыс отыруды, бастысы, демалуды үйретті», – дейді ақсақал.
Ақпарат көзі: : Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




