Тараздық студент кикбоксингтен әлем Кубогын иеленді
Ресейдің Анапа қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы VII әлем Кубогында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2-курс студенті Арайлым Әуезова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі.
Анападағы «Витязево» спорт кешенінде өткен байрақты бәсекеге 28 елден келген 200-ден астам спортшы қатысты. Арайлым Әуезова 48 келі салмақ дәрежесінде үш белдесу өткізіп, жарыс жолында Үндістан, Беларусь және Ресей елдерінен келген қарсыластарынан басым түсті.
«Әлем Кубогына қатысушылар кикбоксингтің барлық түрлері бойынша бақтары мен баптарын сынады. Әсіресе, «point fighting» және «К-1» нұсқалары аса тартысты өтті. Арайлым төбелесу тактикасы мен техникасының әдемілігі жағынан өзгелерден оқ бойы озып шықты», - дейді бапкері, Жамбыл облысының кикбоксингтен аға жаттықтырушысы Сәбит Усипов.
Жас спортшы бұған дейін кикбоксингтен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының алтын медаль иегері атанып, аталған спорт түрінен ҚР Кубогы үшін жарыста 2-ші орынды қанжығасына байлаған.
Бүгінде ол биылғы жылдың 14-16 қазан күндері Алматыда өтетін республикалық «Үздіктер турниріне» дайындалуда.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




