2016 жылы әуе билеттерінің құны 40 пайызға өскен
Әуе билеттерінің осылайша күрт өсуіне қатысты антимонополиялық орган тергеу жүргізуде. Бұл туралы бүгін ҚР Бас көлік прокуратурасының экономикалық-әлеуметтік сала бойынша заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы Алмас Аманов мәлім етті.
«Билет бағасының жоғарылауы, көрсетілмеген қызмет үшін қаражатты қайтармау, рейстердің кешігуі, жүктің жоғалуы азаматтардың наразылығын тудырып жатыр. Биыл әуе билеттерінің құны орташа есеппен 40%-ға жоғарылап отыр. Кейбір бағыттарға тіпті 77% өскен», - деді Аманов ҚР Бас прокуратурада өткен алқа мәжілісте.
Әуе билеттерінің осылайша күрт өсуіне қатысты антимонополиялық орган тергеу жүргізуде, деді прокурор.
«Тергеу нәтижелері тасымалдаушылардың бұл іс-әрекеттерінің қаншалықты дәлелді екенін анықтап береді», - дейді Аманов.
Сонымен қатар ол қолданылмаған билеттердің ақшасын қайтаруға қатысты мәселені де көтерді. Оның айтуынша, кейбір компаниялар ұшырылымға бір сағат қалғанда қайтарылған билеттер құнының 50%-ын қайтармайды. Бұндай заңсыздықтарды болдырмау мақсатында прокурорлар арнайы шаралар қабылдайтын болады.
«Басқа арыз-шағымдар жүктердің жоғалып кетуіне қатысты болып отыр. Биылдың өзінде жүктің келмеуіне қатысты 800 оқиға тіркелген. Ондағы 24 оқиға бойынша жүк әлі табылған жоқ», - деді Аманов.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді