Шәмші Қалдаяқов туралы фильм түсіріліп жатыр
Бұл туралы Астанада өткен «Ақылдың кілті. Өмірдастан» телеэпопеясының екінші маусымының тұсаукесері кезінде Хабар арнасы Директорының орынбасары Ринат Кертаев мәлімдеді, дейді BAQ.kz тілшісі.
Астана қаласы Kinopark кинотеатр желісінде қоғам, мәдениет және саяси қайраткерлер, сонымен қатар журналистер мен блогерлердің қатысуымен телеэпопеяның алдын ала көрсетілімі болды.
«Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында біз «Ақылдың кілті. Өмірдастанмен» ғана шектелмейміз. Өздеріңіз білесіздер, «Хабар» арнасы соңғы бірнеше жылдың көлемінде Бауыржан Момышұлы, Күләш Байсейітова, Нұрғиса Тілендиев, т.б. қатарлы дара тұлғаларымызға арнап биографиялық жобаларды жүзеге асырды. Енді осы жолды жалғастырып, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шәмші Қалдаяқовқа арналған 4 бөлімнен тұратын көркем фильмнің тұсауын кеспекшіміз» - дейді Ринат Думанұлы.Оның айтуына қарағанда бұл жоба алдағы жылы да жалғасын табатын болады. Ол кезде телеарна Мұқағали Мақатаев пен Қажымұқан Мұңайтпасов туралы биографиялық фильмдерді жарыққа шығаратын болады.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




