Қазақстандық "Аманат" фильмі "Оскарға" ұсынылды
Қазақстанда Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат" фильмін "Шет тілдегі үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскарға" ұсынылды, - деп жазадыHollywood Reporter.
Тарихи драма репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналады. Ермұхан Бекмаханов Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жайлы ғылыми тұжырымдамалар жасаған.
Айта кетейік, Қазақстан 1992 жылы алғаш рет "Оскарға" фильм ұсынған болатын. Осылайша 2006 жылдан бері жыл сайын "Оскарға" фильм ұсынылып отырады.
Еске сала кетейік, "Қазақфильм" студиясының "Аманат" картинасы 2016 жылдың 19 мамырында прокатқа шыққан болатын. Репрессияға ұшыраған тарихшы Бекмаханов жайлы фильмнің таныстырылымы да өтті. Сюжет бойынша - үш желі мен үш кейіпкер - Кенесары, Ермұхан және Рамазан - әрқайсысы ойды өздігінен жеткізгісі келеді. Режиссердің айтуынша, сценаристердің жобасы бойынша, өтпелі желі - әр кейіпкердің ұлттың бостандығы мен тәуелсіздігіне деген мұраты. Халиманың ролінде Қарлығаш Мұхамеджанова және Ермұхан Бекмахановтың ролінде Берік Айтжанов. Актерлер Санжар Мәдиев пен Қарлығаш Мұхамеджанова баспасөз мәслихатында түсірілім алдында тарихи деректермен танысып шыққанын айтып берді. Мәдиев болса басты рольге таңдалған кезінде Кенесарының ролінде ойнауға рұқсат сұрау үшін мешітке де барыпты.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді