Денсаулық
Ермегияевтің тәркіленген көліктерін министрлер мен депутаттар мінуі мүмкін
- author «Ақ жол»
- 28 қыркүйек, 2016
- 439
Ермегияевтің тәркіленген көліктерін министрлер мен депутаттар мінуі мүмкін
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы төрғасыТалғат Ермегияевтің қымбат көліктерін кез келген адам сатып ала алады.
ЭКСПО-ның экс-басшысынан тәркіленген 3 бірдей темір тұлпар аукцион арқылы сатылымға шығарылғалы жатыр.
Қазір тәуелсіз бағалау компаниясы Ермегияевтің 2 «Lexus» джипі мен «Мercedes-Benz S 500» маркалы көлігін бағалауда. Жобамен олардың нарықтағы құны 30 миллион теңге болуы мүмкін. Бұл Астанадағы екі бөлмелі пәтердің құны. Бірақ, машиналар бірінші Үкімет, министрліктер мен әкімдіктерге ұсынылады. Егер мемлекеттік мекемелерге Ермегияевтің көліктері қажет болмаса, онда электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ. Яғни, экс-төрағаға тиесілі болған қымбат көліктерді кез келген адамның сатып алуына мүмкіндігі бар.
Еске салсақ, биыл маусымда Талғат Ермегияев 14 жылға сотталған еді. Судья оның көліктерінен бөлек, Алматы мен Астанадағы жер учаскелерін, пәтерін, банктердегі жеке шотын, бірнеше компаниясын тәркілеген. 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге бюджеттен бөлінген миллиардттарды жымқырғаны үшін сотталған Ермегияев, қазір Астанадағы Шанхай базарының жанында орналасқан қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтеуде.
«Біз оларды www.gosreestr.kz веб-порталына қоямыз. 15 күн порталда болады. Электронды аукцион бірінші бағаны көтеру әдісімен өтеді, біріншіде сатылмаса, бағаны төмендету әдісімен өтеді. Оған Қазақстанның кез келген жеке және заңды тұлғалары қатыса алады», - дейді Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы Ернұр Қайырбек.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




