Денсаулық
Кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін - Тоқаев қаза тапқан ағайындылардың оқиғасы жайлы
- author «Ақ жол»
- 28 қыркүйек, 2016
- 633
Кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін - Тоқаев қаза тапқан ағайындылардың оқиғасы жайлы
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Алматы облысында кісі қолынан қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы облысында үш ағайын мал үшін өлтірілді, 9 бала жетім қалды. Бұл қасіретке ІІМ мұқият тергеу жасап, кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін", - деп жазды ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі өз парақшасында. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




