Денсаулық
Астанада жеңіл рельсті көлікпен жүрудің бағасы қанша екені белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 26 қыркүйек, 2016
- 506
Астанада жеңіл рельсті көлікпен жүрудің бағасы қанша екені белгілі болды
Астанадағы жеңіл рельсті көлікпен жүрудің бағасы 200 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Астана LRT" ЖШС басқармасының төрағасы Талғат Ардан Астанада өткен конференция барысында айтты.
Талғат Арданның айтуынша, Астанадағы жеңіл рельсті көлік 2018 жылдың соңында жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
"Жоспар бойынша 2018 жылдың соңында. Бұл ірі көлік жүйесі, барлық жүйені іске асыру үшін іске қосу мен жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Бұл қиын процесс. Сондықтан жеңіл рельсті көліктердің нақты қай уақытта, қай минутта іске қосылатынын ешкім де айта алмайды. Ал бағасын 200 теңге деп белгіледік", - деді "Астана LRT" ЖШС басқармасының төрағасы Талғат Ардан.
"Бұл жобаға қосы тағы екі деңгейлі жер үсті станциясының құрылысын бастау жоспарда бар. Станциялар Астананың климатына бейімделген. Көліктер электронды төлем жүйесімен қамтамасыз етілген. Дабыл батырмасы, жылыту жүйесі, желдету мен видеобақылау да орнатылған", - деді Талғат Ардан.
Айта кетейік, бастапқыда көліктің бұл түрін EXPO-2017 көрмесіне орай іске қосу жоспарланған болатын.
LRT жүйесінде қазіргі уақытта жабық түрдегі 18 заманауи станция мен 19 дана жылжымалы құрам пен депо бар.
Осыған дейін 22,4 шақырымға созылатын LRT жүйесінің Астанадағы халықаралық әуежайды, EXPO-2017 көрме орталығын, көпфункционалды "Әбу-Даби Плаза" кешені мен жаңа теміржол вокзалын қосатыны жайлы айтылған еді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




