Денсаулық
Дариға Назарбаева Қазақстандағы мұғалімдерге алғысын айтты
- author «Ақ жол»
- 26 қыркүйек, 2016
- 259
Дариға Назарбаева Қазақстандағы мұғалімдерге алғысын айтты
Ұстаздар қоғамдағы ең қажетті мамандық иесі. Бүгін Астанада «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтау салтанатты жиынында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева осылай мәлім етті.
«Өзіміз жүріп өткен жолға қарасақ, кімдерді еске алуымыз мүмкін? Әрине, ең алдымен ата-анамызды ойлаймыз. Ең жақын адамдарды да жиі ойлаймыз. Көп жағдайда өз ұстаздарымызды ойлайтынымыз рас. Олар әрбір жанның ең жақын деген адамдарының қатарына жатады. Ұстаздар өзінің жылы отбасында алаңсыз жүрген балақайды қабылдай отырып, оны аса қамқорлықпен қолынан жетелеп, білім, ғылым, өнер жане спорт саласына әкеледі. Сонымен бірге балаларға өмірдің қарама-қайшылықтары, қиыншылықтары мен сынақтары болатынын да түсіндіреді. Елімізде жыл сайын мектеп бітіруші түлектерге мамыр айында соңғы қоңырау соғылады. Бұл күні түлектердің де, олардың ата-аналарының да көздері жасқа толады. Бұл - Сіздердің еңбектеріңізге, бала тәрбиелеудегі ерліктеріңізге, күн сайын алғыс күтпей-ақ үлкен іс тындыратын жұмыстарыңыз үшін алғысқа толы көз жасы. Сіздер біздің қоғамдағы ең қажетті мамандық иесі боласыздар, қадірлі Ұстаздар!» - деді Сенат депутаты.
Сонымен қатар Дариға Назарбаева еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтетін өте маңызды қадамға жақындап келе жатқанын, ширек ғасырда өмірге келген балалар, яғни Тәуелсіздіктің құрдастары осы уақытта ер жетіп, білім алғанын, мамандыққа ие болып, көбі ата-ана болып үлгергенін атап өтті.
«Шындығын айтқанда, осы 25 жыл жай жылдар емес. Неше түрлі жағдайлар болды. Ол туралы мен айтпасам да болады. Бірақ оны бәріміз ұмытпауымыз керек. Алайда осы қиындау болған ширек ғасырлық жолда қыркүйек айының басында алғашқы қоңырау, мамыр айының соңында соңғы қоштасу қоңырауы соғылмай қалған жыл жоқ. Мектеп балы да ешқашан өтпей қалған емес, түлектер таңның алғашқы сәулесін күтіп алады, ұл балаларды ешқашан ешқандай соғысқа алып кеткен жоқ. Себебі, соғыс деген болған жоқ. Халық даналығы мен сол халықты басқарып отырған Елбасының ақылдылығы бейбітшілік пен бірлікті сақтауға ықпал етті. Осындай аса бағалы жетістікте сіздердің әрбіріңіздің үлкен үлестеріңіз, жанқияр еңбектеріңіз бар, қымбатты біздің ұстаздарымыз! Сол үшін сіздерге бас иеміз!» -деді депутат.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді