Елбасы Жарлығына сәйкес бұрынғы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнің негізінде елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттігі құрылып, аты да, заты да өзгеріп, функционалдық міндеттері де айқындалып, нақтыланғаны баршаға мәлім. «Құрылымдау жолымен Денсаулық сақтау министрлігінен бөлініп, бөлек шаңырақ тіктік. Жалпы, мұндай қызмет жүйесі бүкілдүниежүзілік денсаулық ұйымына мүше мемлекеттердің барлығында да бар» деп мәлімдеді осыған байланысты өткен брифингте облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Қалдыбек Қазанғапов.
Атап айтқанда, Агенттікке Бәсекелестікті қорғау агенттігінен - тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Денсаулық сақтау министрлігінен - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен - тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциясы мен өкілеттіктері берілген. Мекеме басшыларының айтуынша, сала қызметіне байланысты заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу үстінде, әрі толық құрылымдалып та бітпепті. Мекеменің бұрынғы міндеттерінің жетпіс пайыздайы сақталып қалмақ, бірқатар жаңа бөлімдер ашылуы да күтілуде. Агенттік негізінен тұтынушылардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру, қауіпсіздік, ақпарат алу, таңдау, ескеру, шығын өтелу, тұтынушылардың білім алу, қоршаған ортаның таза болуын талап ету құқықтары бойынша жұмысты үйлестіретін болады.
Баймаханбет АХМЕТ,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді