Жамбыл облысы дәнді дақыл жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2016
- 234
Жамбыл облысы 250 мың гектар жерден масақты дәнді дақыл жинап, тәуелсіздіктің ширек ғасырында рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Жамбылдық диқандар әр гектардан орташа есеппен алғанда 23 центнер өнім алып отыр. Барлығы 592 мың тонна астық бастырылды. Ал қант қызылшасын өндіру үшін жергілікті қазынадан 420 млн теңге бөлінген. Оның 220 миллионы Франциядан тұқым алуға, қалғаны ауыл шаруашылығы техникасына сатып алуға жұмсалды. Айта кетейік, 24-25 қыркүйек күндері Астанада Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: - Жәрмеңке барысында барлығы 240 млн теңгені құрайтын 300 тоннадан астам өнім ұсынылады. Оның ішінде жылқы еті, тауық еті, сүт өнімдері, жұмыртқа, шұжық өнімдері, макарон өнімдері және 245 тоннадан астам жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар. Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 8-40 пайыз төмен болады. Ақпарат көзі: www.24.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді