Денсаулық
Данияр Ақышев жастарды Ұлттық банкке «көкесіз» жұмысқа орналасуға шақырды
- author «Ақ жол»
- 20 қыркүйек, 2016
- 278
Данияр Ақышев жастарды Ұлттық банкке «көкесіз» жұмысқа орналасуға шақырды
Ұлттық банк талантты жас мамандарды жұмысқа тарту үшін акция жариялады, деп мәлімдеді ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев Kapital.kz порталында өткен онлайн-конференцияда.
«Акция «Ұлттық банкке өз біліміңе ғана сүйеніп, «тіреусіз» жұмысқа орналас» деп аталады. Ол үшін не керек? Маманның ағылшын тілін игерген білімді болуы және тұрақты мінезі мен алдына мақсат қоя білетін жеке бас қасиеті болуы керек», - деді Д.Ақышев.
Оның айтуынша, Ұлттық банк алдына қойып отырған міндерттерді еңсеру үшін сапалы мамандар қажет. Ол Ұлттық банк қолға алып отырған жаңа бастамалар шешім қабылдай алатын жас мамандарға зәру екенін айтты.
«Біз жас мамандарды ақша-несие саясаты, қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ету, алтын-валюталық активтерді басқару сынды басты бағыттарға жұмысқа тартпақпыз», - деді ҰБ Төрағасы.
«Өз білімі мен күшін еліміздің басты қаржы институтында сынап көргісі келетін жастарды шақырамыз. Ол үшін тек қана, өз түйіндемеңізді press@nationalbank.kz. электронды поштасына жолдасаңыз болғаны. Бүгіннен бастап, біз, 1 ай көлемінде түйіндемелерді жинақтаймыз. 2016 жылдың 20 қазанынан кейін үміткерлерді іріктейміз», - деді ҚР ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді