Денсаулық
Тищенко Левиттің Риодағы ең мықты қарсылас болғанын мойындады
- author «Ақ жол»
- 19 қыркүйек, 2016
- 423
Тищенко Левиттің Риодағы ең мықты қарсылас болғанын мойындады
Ресей спортшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Евгений Тищенко Риодағы жарыс кезінде қазақстандық Василий Левит турнирдің ең мықты оппоненті болғанын мойындады.
Бұл туралы боксшы «Комсомольская правда» газетінің сұрақтарына жауап берген кезде айтты.
«Шиеленіс жағынан және қарсыластың деңгейі бойынша ең ауыры финал болды. Василий Левит менің оппоненттерімнің арасында ең мықтысы болды», - деді Тищенко.
Ол сондай-ақ, боксшыларды марапаттау рәсімінде қазылар алқасының шешіміне келіспеген халықты тыныштандыруға тырысқан Василий Левитке құрметпен қарағанын айтты. Еске сала кетейік, ақтық сайыста қазылар алқасының шешімімен қазақстандық боксшы В.Левит қарсыласы ресейлік Е.Тищенкодан жеңіліп, «күміске» лайық деп танылды.
«Нәтиже шыққан бойда зал маған қарсы болды. Жекпе-жек барысында Василийдің қолдаушылары көптігін сезіндім. Кейін жеңіс қолымда екенін түсініп, оған мән бермеуге тырыстым. Маған марапаттау кезінде және одан кейінгі баспасөз мәслихатында өз-өзімді лайықты ұстау ғана қалды. Василий құрметке лайық», - деді Тищенко.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




