Денсаулық
Қазақстан Риодағы Паралимпиада ойындарын екі медальмен аяқтады
- author «Ақ жол»
- 19 қыркүйек, 2016
- 426
Қазақстан Риодағы Паралимпиада ойындарын екі медальмен аяқтады
Жексенбі күні Бразилияда XV Паралимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Бразилиялықтардың музыкаға деген сүйіспеншілігіне арналған салтанатты шара Ойындардың ресми ашылуы болған "Маракана" стадионында өтті.
Шараға қатысушылар ойындар кезінде қаза тапқан ирандық велоспортшы Бахман Голбарнежадты еске алды.
Еске салайық, 2016 жылғы Паралимпиада ойындары 7-18 қыркүйек күндері Рио-де-Жанейрода өтті. Жалпы командалық есепте бірінші орынды 107 алтын, 81 күміс және 51 қолаға қол жеткізген Қытай иеленсе, 64 алтын, 39 күміс және 44 қола жүлдеге ие болған Ұлыбритания спортшылары екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті 41 «алтын», 37 «күміс» және 39 «қоламен» Украина құрамасы түйіндеді.
Қазақстандық спортшылар бұл бәсекеде екі медальға қол жеткізді.
Мәселен, Зүлфия Ғабидуллина жарыстардың алғашқы күнінде-ақ еркін стильде 100 метрге жүзуде әлемдік рекордты орната отырып, «алтын» иеленсе, пауэрлифтинг бойынша спортшы Раушан Қойшыбаева күміс жүлдегер атанды. Жалпы есепте Қазақстан Словениямен бірге 58-інші орынға тұрақтады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




